Саясат

Иран ядролық қарудан бас тартты

Ислам тыйым салады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Иранның жоғарғы басшысы Али Хаменеи ядролық қару жасауға ислам тыйым салған деп мәлімдеді. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

- Ядролық бомбаларды құру және көбейту - дұрыс емес. Ал оларды қолдану - харам [дінмен тыйым салынған]. Бізде ядролық технологиялар бар, бірақ оны Иран қолданғысы келмейді, - деп атап өтті Хаменеи.

Жазда, шілде айында халықаралық БАҚ-та Иран ядролық қару жасауды тағы бастады деген хабар тараған еді. Содан кейін АҚШ Иранға қарсы санкциялар салып, оны айыптауға кірісті.