Weekend

Әлемдегі ең жалқау 5 мемлекет

Уақытты тиімсіз пайдаланатын елдер тізімі

 

АҚШ, Канада, Бельгия, Түркия, Ұлыбритания

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Daily Beast басылымы интернет желісі мен теледидар алдында  көп уақыт өткізетін ең жалқау мемлекеттер тізімінің рейтингісін жасады. 

1. АҚШ

  • күнделікті қосатын калориядан: 1 орын
  • теледидар көруден: 1 орын
  • спортқа дең қоюдан: 3 орын
  • Интернет желісінде өткізетін уақыт: 3 орын

Әлемнің ең жалқау елдер тізімінің көшін – АҚШ бастап тұр. Мұнда тұрғындар гамбургер, картоп-фри, McDonald ' s, тауық қанаттары, хот-дог сынды фаст фуд тағамдарын өте жоғары мөлшерде тұтынады. Сонымен қатар  АҚШ тұрғындары стадионға қарағанда, теледидар мен компьютер алдында өте көп уақыт өткізеді.

2. Канада

  • күнделікті жинайтын калориядан : 8 орын
  • теледидар көруден: 5 орын
  • спортқа дең қоюдан: 12 орын
  • интернет желісінде өткізетін уақыттан: 1 орын

Канада тұрғындарының қысқы спорт түріне деген қызығуышылығы АҚШ-қа қарағанда басымырақ. Дегенмен қолайсыз ауа райы туындаған жағдайда, мысалы қар жауған сәтте, оларға үйде теледидар мен компьютер алдында отырғаннан басқа амал жоқ. Канада тұрғындары ComScore статистикасына сәйкес, интернет желісін пайдаланудан рекорд орнатты. Олар 43 сағатты немесе күніне бір жарым сағат уақытын интернет желісіне жұмсайды.

3. Бельгия

  • күнделікті тұтынатын калориядан: 2 орын
  • теледидар алдындағы уақыттан: 9 орын
  • спортқа дең қоюдан: 5 орын
  • интернетте желісінде өткізетін уақыт бойынша: 13 орын

Көршілес елдердің-Франция мен Германияның мәдени әсері-Бельгияға да үлкен әсерін тигізді. Нәтижесінде көптеген бельгиялық гурмандар күн сайын қолданатын калория саны бойынша әлемде 2 орынға ие болды. Соңғы сегіз жыл бойы Брюссельде өтіп жатқан жергілікті фестивальдегі тағамдар, соның ішінде бельгиялық шоколад пен бельгиялық сыра тұрғындардың жоғары мөлшерде калория жинауға итермеледі. Естеріңізге салсақ, Бельгияда әлемдегі ең көп сыра сорттары өндіріледі.

4.    Түркия

  •  күнделікті тұтынатын калория: 15 орын
  • теледидар алдындағы уақыттан: 8 орын
  • спортқа дең қоюдан: 1 орын
  • интернет желісіндегі уақыт: 4 орын

Түркияда футбол - ең танымал спорт түрі болып саналады. Бұл елдегі кәсіби футбол командаларының матчтары 10000-нан астам футбол жанкүйерлерін жинайды. Халық бос уақытын тек матч көруге арнайды, алайда спортшылардың сол әрекетін қайталауға ұмтылмайды.  

5. Ұлыбритания

  • күн сайын тұтынатын калория: 11 орын
  • теледидар алдындағы уақыт: 13 орын
  • спортқа дең қоюдан: 2 орын
  • интернет желісінде өткізетін уақыт: 5 орын

Британдықтар мен Түркия тұрғындарының спортқа деген көзқарасы мен қызығушылығы ұқсас. Бұл Корольдікте де бір спорт түрі танымал. Жыл сайын Глостершир қаласында дәстүрлі конкурс өтеді. Жарысқа қатысушылар сыр ортасында жоғарыдан төменге қарай жүгіруі тиіс. Тіпті бұл жарыстан ауыр жарақат алатындар да бар. Ерекше жарыстың жеңімпазы жүлде үшін жүгіріп өткен жолының шеңберін алады. OnePoll зерттеуіне сәйкес, "тым жалқау" атағын Ұлыбритания халқы иеленді.