Bugin
Қазақстандық сенаторлар заңды өзгерткелі отыр
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Сенаторлардың айтуынша, кей азаматтар заңсыз митингке шығарда балаларын әдейі алып келетін көрінеді. Ал бұл баланың психикасы мен физикалық жағдайына зиянын тигізуі мүмкін.
Сондықтан жиналысқа, наразылыққа, митинг пен басқа да саяси жиындарға кәмелеттік жасқа толмағандарды алып шыққандарға жаза қолдану жайлы заңға өзгеріс енгізуді ойлап отыр. Атап айтқанда, 2014 жылы 5 шілдеде қабылданған Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі Кодекстің "Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту" туралы 128-бабына өзгерістер енгізілмек.
- 2-тармағы. Кәмелеттік жасқа толмағандарды ҚР заңнамаларын бұзған жиналысқа, митинг пен шеруге, наразылық шараларына алып шыққандарға 100 АЕК (250 мың теңге - ред.) есебінде айыппұл салу не оларды он күн қамауға алу жазасы беріледі, - делінген құжатта.
Заң жобасы қазір Мәжіліске жіберілді.