Bugin
Бішімбаев неге босап шықты
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық атқару комитеті Қуандық Бішімбаевтың неге босап шыққанын түсіндірді.
Бішімбаевтың босап шығу туралы өтінішхатын Шымкенттегі Абай аудандық соты 25 қыркүйек күні қараған.
- Сот Бішімбаевтың өтінішхатын қанағаттандырып, 11 қазаннан бастап заңды күшіне енді. Бішімбаев мемлекет басшысынан кешірім сұрап, рақымшылық жасауын өтінген еді. Содан 2019 жылдың ақпан айында соттың шешімімен жаза мерзімі қысқартылды, - деп хабарлады Комитет.
Одан бөлек, Бішімбаев мемлекетке келген шығынды толық өтеп берген көрінеді.
- Бишімбаев сот міндеттеген борышты толық өтеді әрі істеген ісін мойындап, өкініш танытты. Жазасын өтеу кезінде өзін жақсы жағынан таныта алды, - деді тағы да комитет.