Weekend
Тағы да… сары жапырақтар…
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Есіңізде ме, мектепте оқып жүрген кезімізде жыл сайын міндетті түрде «Күз» деген тақырыпта шығарма жазушы едік қой. Ылғи да «Күз келді. Күн суып, жапырақтар сарғайды. Құстар жылы жаққа қайтты. Адамдар жылы киіне бастады" деген сарынмен жазып кете беретінбіз.
Иә, бала қиялы, бала көзі күздің сыртқы бейнесін, сипатын баяндап жазуға қауқарлы. Ал жасың ұлғайып, ересек адамға айналғанда күзді басқа қырынан көре бастайды екенсің. Сіз күз деген сөзді естігенде бірінші нені есіңізге аласыз? Суыған күн, сарғайған жапырақ, жиналған бақша өнімдерін бе? Әлде күздің бірінші күнінде басталған жаңа оқу жылын ойлайсыз ба? Мүмкін жылы киім сатып алу мен қысқа дайындық жасауды есіңізге алатын боларсыз? Шындығында да, әр адам әртүрлі ойдың жетегінде кетері анық...