Weekend

Күлкі - өмір мәні

Күл!

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Күлкінің адамдар қатынысының да маңызды бөлшегі екенін ұмытпаңыз. Мысалы, езудегі жымиюдың өзі адамның өзіне сенімділігі, еркіндігі, достығы, мейрімділігі, ләззаты, қуанышы, келісімі, тіпті бақытын білдіреді. Ал күлкі иесінің жанына - тыныштық, жылу, деніне - саулық сыйлайды. 

Күлу мен жымиюдың – ашық, кең, әдемі, сыңғырлаған, әуезді және тағы басқа түрі болады. Күлкінің төресі - кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. "Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды" депті Элла Уилер Уилкокс. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық...

– Күлімдеу: сатып алынбайды, өтініп, сұрап алынбайды.  

– Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.