Weekend

Ағылшынша үйренудің тез жолы

Тіл үйренгіңіз келсе...

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

"Қанша тіл білсең, сонша әлемге бас сұғасың" деген сөздерден-ақ бірнеше тіл білудің қаншалықты маңызды екені түсінікті шығар. Бірақ тіл үйренуге көп адамның батылдығы жете бермейді. Оның үстіне, қоғамда тіл үйрену қиын деген стереотип бар. Ол да адамды тығырыққа тірейді. 

Алайда кез келген тілде еркін сөйлеуді үйрену үшін 3 ай жеткілікті. Тек ол үшін нағыз нәтиже беретін әрекеттерді жасасаңыз болғаны.  

Алдымен, өз тәжірибеммен бөліссем. Мен ағылшын тілін 2-сыныптан бері үш тілде оқытатын мектепте оқыдым. Мектебім үшін оқушының ағылшын тілін білуі өте маңызды болды, сондықтан ерекше көңіл бөлінді. Жыл сайын Англия мен АҚШ-тан өзге ұлт мұғалімдері келіп, еркін сөйлеуімізге жағдай жасады. Мектеп бітіргенде  ағылшын тілін upper intermediate деңгейінде біліп шықтым, яғни, жоғары деңгей. Алайда қазір жоғарғы оқу орнына түскеннен кейін мектептегідей практика мен күнделікті тұрақты дайындық болмағандықтан, мен дәл қазір деңгейімнің intermediate-қа түскенін білемін. 

Осыдан кейін, тіл үйренуде ең бастысы - тұрақтылық дегім келеді. Сіздің 2 күн ереже жаттап, 2 күн демалғаныңыздан, күніне жарты сағаттан дайындалғаныңыз тез нәтиже береді. 

Егер сізде фундаменталды біліміңіз бар болып, жай ұмытып қала беретін болсаңыз, сізге басқаша дайындалуды ұсынамын.

1.   Алдымен өзіңіз сүйіп көретін, әр сценасын жаттап алған киноңызды ағылшынша қараңыз. Басында түсінбеуіңіз мүмкін, бірақ содан кейін сүйікті актерларыңыздың фразаларын ағылшынша білетін боласыз. Бұл сіздің ағылшынша тыңдау қабілетіңізді жетілдіреді.

2.   Егер кино көрмейтін болсаңыз, ағылшынша тыңдап жүрген әндеріңізді аударып көріңіз және бірге қосылып шырқаңыз. Бұл ағылшынша сөйлеу қабілетіңізді жетілдіреді.

3.   Skype немесе Cambly приложениелары арқылы нағыз тіл иелерімен сөйлесе аласыз. 

4.   Кез келген сөзді қазақшадан ағылшыншаға немесе керісінше аудару да өз көмегін тигізеді. 

5.   Өз ойыңызды ағылшынша жеткізіп көру үшін өзіңіз қалғанда ағылшынша сөйлессеңіз де болады.

Осылай жасау арқылы ағылшынша ойлауды, сөйлеуді және түсінуді үйренесіз, тек жалқауланбасаңыз болғаны. 

Білекті бірді, білімді мыңды жығатын заманда өз болашағыңыз үшін әрекет ету керек. Just do it!