Саясат

Ресей сирия содырлары отырған түрмелердің картасын жариялап жіберді

Түрік әскерлерін содырларды табу оңай болмақ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Сириядағы Хасек провинциясындағы түрмелердің орналасу картасын жариялады. Онда «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) тобының 14,6 мыңнан астам содыры бар.

Ал бұған дейін Ресей билігі Сирияның солтүстік-шығысында лаңкестерді ұстауға арналған жеті орын мен сегіз лагерьдің бар екенін хабарлаған болатын. Мұнда лаңкестердің әйелдері мен балалар жатыр. 

Әскерилердің мәліметінше, содырлардың көпшілігі (шамамен 9 мың) Шадади түрмесінде, 1,6 мыңға жуығы Эль Холда және 1,5 мыңдайы Алляда. Сонымен қатар, «Хасек» және «Малика» орталық түрмелерінде тиісінше 1,1 мың және 650 адам тұрады.