Bugin

Білім министрлігі университет мұғалімдерінің еңбекақысы қашан өсетінін айтты

Ректорларға тапсырма

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Елдің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орны басшыларына оқытушылардың жалақысын 30-50%-ға дейін өсіруді тапсырды.

- Достар, мемлекет басшысы білім беру саласының сапасын күшейту мен педагогтарды қолдау бойынша нақты мақсаттар қойды. Осыған байланысты мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларына мұғалімдердің жалақысын 30-50% аралығында көбейтуге тапсырма беремін. Орындау уақыты – 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін, - деп жазды Аймағамбетов Facebook-те.

Оның сөзіне қарағанда, жоғары оқу орындарының бюджеті мұғалімдердің еңбекақысын көбейтуге жетеді.

- Арнайы бюджеттік анализ жүргізілді әрі жалақыны көбейтуге жеткілікті қор бар екендігі анықталды. Университет мұғалімдері 60-70 мыңге айлық алып жүргенде, білім сапасын көбейту туралы сөз айтудың өзі артық. Әзірше, Л.Гумелев атындағы ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті мұғалімдердің еңбекақысы көтеруге кірісіп кетті. Енді басқа оқу орындары да кірісуі қажет, - деп жазды білім министрі.

Одан бөлек, министр жоғары оқу орындарының акамедиктерге көңіл бөлу керектігін, оларға түрлік жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдер беру қажеттігін айта кетті.

- Акамедиктер көп емес, аз. Сондықтан біз оларға қаржылай әлеуметтік көмек көрсетуіміз міндет. Одан бөлек, жас ғалымдарды көтермелеу деген тағы бар. Алдағы уақытта жас ғалымдарды қолдауға арналған жаңа қаржылық көмек түрлері пайда болатын болады, - деп жазды министр.