Hi-Tech
Porsheнің спортты электромобилі - Taycan 4S
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Porshe спортты электромобилдерінің үшінші нұсқасын - Taycan 4S көлігін таныстырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Forbes журналына сілтеме жасап. Ол 3,8 секундта 96 км/сағ жылдамдыққа дейін ұлғайып, 250 км/сағ жылдамдыққа дейін жете алады.
Компания қыркүйек айында Taycan Turbo және Taycan Turbo S атты электрокөліктерін көпшілік назарына ұсынған болатын. Бұл екі көліктің де ең жоғары жылдамдығы – 260 км/сағ.
Model 4S – авто өндіруші компания электрокарларының ішіндегі ең арзаны. Bloomberg мәліметінше, Porshe жаңа моделін таныстыруы Tesla компаниясымен бәсекелестігін күшейтеді. Taycan 4S электркөлігінің құны Tesla компаниясының атақты Model S электрокарының бағасымен шамалас.
Сондай-ақ Porshe 2022 жылға қарай электромобильдер, гибридтер және соған байланысты қызметтерге 6 миллиард еуродан астам инвестиция салатындығын растады. Ал алдағы жылдың соңына қарай Taycan Cross Turismo хэтчбэк-универсалын таныстыруды жоспарлап отыр.
Компания Taycan өндірісіне жұмсалатын шығынды Porshe 911 машинасынан түскен пайдамен жаппақ. Айта кетейік, Porshe 911 көп сатылып жылдың ең кірісті көлігі аталынған болатын.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61