Bugin

Тоқаев Жапонияға көңіл айтты

Қуатты дауыл

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы Жапониядағы «Хагибис» тайфуны салдарынан қаза тапқан және әртүрлі жарақат алған адамдардың қайғыларын бөлісіп, Премьер-министр Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Қазақстан халқының және өз атымнан жақындарынан айырылған азалы отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін,– делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Айта кеткен жөн, Жапонияға кеше ең қуатты тайфун келіп соғып, 40-тан астам адамның өмірін жалмаған еді.