Саясат

Ұлыбритания парламенті 40 жыл ішінде бірінші рет сенбі күні жиналды

Соңғы рет 1982 жылы демалыс күні жұмыс істеген болатын

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ұлыбритания парламенті сенбіде 37 жыл ішінде алғаш рет жиналып, ЕуроОдақтан шығу туралы келісімге дауыс беруді жоспарлап отыр (Brexit). Бұл туралы ВВС хабарлайды. 

Бүгін Ұлыбритания парламенті премьер-министр Борис Джонсонмен жасалған Brexit келісімі үшін дауыс беруді жоспарлап отыр. Бұл 1982 жылғы Фолкленд аралдарына шабуылдан кейінгі демалыс күніндегі алғашқы парламенттік жиналыс екендігі нақтыланды. 

Джонсон мәлімдеме жасап, келісімді қолдауды сұрайды деп күтілуде. Би-би-си Джонсонның бұрынғы одақтастары мен оппозициялық партиялары бұл келісімді қолдамауы мүмкін деп жазады. 

Бұған дейін Ұлыбритания мен ЕО Brexit туралы келіскені туралы хабарланған болатын. Екі күндік келіссөздерден кейін Лондон мен Брюссель шығу шарттары туралы жаңа келісімді мақұлдады.