Саясат

АҚШ Сириядағы әскерін Иракқа жібереді

Таяу Шығыстан кеткісі келмейді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

АҚШ мыңға жуық сарбазын Сириядан шығарып, Ирактың батысына қарай жіберді. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер мәлімдеді.

Оның айтуынша, ротация "Иракты қорғау" үшін, сондай-ақ Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" ұйымының террористерімен күресті жалғастыру үшін қажет.

Әскерлер ұшақпен және көлікпен тасымалданады. Көшіру процесі бірнеше аптаға созылмақ.