Саясат

Брюс Лиді өзгертпейді: Помпео Тарантиноны мақтады

Брюс Ли үшін көтерілген мәселе

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Режиссер Квентин Тарантино Қытай прокатына арналған "Бір күні Голливудте" фильміне өзгерістер енгізуден бас тартты, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

Режиссер кинотуындының ешқандай жерін өзгерткісі келмейді және киноны "алғыларың келсе алыңдар, алғыларың келмесе алмаңдар" ұстанымын ұстануда.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Тарантиноның шешімін құптады. 

- Сөз бостандығы сияқты ажырамас құқықтар сатылмауға тиіс, - деп жазды мемлекеттік департамент басшысы өзінің Twitter-аккаунтында.

Айта кетейік, Қытай, 25 қазаннан бастап жергілікті кинотеатрларда көрсетілуді бастау керек болатын "Бір күні Голливудте" фильмінің прокатқа шығуын тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Мұндай шешімнің ресми себебі жоқ. Алайда БАҚ ақпараты бойынша, актер Брюс Лидің қызы Шеннон Линің шағымымен байланысты. Ол кинода әкесінің бейнесі қорланды деп есептейді.

"Бір күні Голливудте" сахнасының бірінде Брюс Ли жауынгерлік өнер саласындағы өз шеберліктерімен мақтанады, түсіру командасына Мухаммед Алиді жеңіл жеңемін деп, каскадер Клиф Бутпен төбелеседі. Нәтижесінде Ли таяқ жеп, оны көлікке лақтырып жібереді. Осылайша ол өз әріптестерінің алдында ұятқа қалады.