Саясат

Ердоған: Күрдтер шекарадан кетпесе, Сирияда жаңа операция бастаймыз

Ердоған лаңкестермен ешқандай да келіссөздердің болмайтындығын жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Егер күрд күштері Түркия шекарасынан 30 шақырымдық «қауіпсіздік аймағынан» кетпейтін болса, Анкара оларға қарсы Сирияда жаңа операцияны бастайды. Түркия басшысы бұл туралы сенбіде Ыстамбұлда айтты, деп хабарлайды түрік агенттігі Анадолу.

- Егер 150 сағаттан кейін лаңкестер белгіленген аймақта қалса, онда біз іске қайта кірісеміз. Лаңкестермен келіссөзге келу мүмкін емес, - деді Ердоған.

Сөз барысында Ердоған кей мемлекеттердің лаңкестермен келіссөзге келеміз дегені бос сөз екендігін алға тартып, оған уақыт құртпау керектігін ескертті.