Hi-Tech

Google жетілді: BERT ұсынған жаңа алгоритм туралы не білеміз?

Іздеу батырмасына сәйкес жаңа алгоритм ұсынылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Google – іздегеніңді жылдам табуға көмектесетін әлемдегі ең танымал системалардың бірі. Бұл жүйеде күніне миллиардтаған өтінімдер орындалады. 

Қазіргі кезде Google-ге белгілі бір ақпаратты кемінде бес сөзбен жазып, іздейтініміз белгілі. Тақырыпқа сай емес жауаптар мен тақырып аясындағы жауаптар қатар шығып, адамның санасын сан-саққа жібереді. Кейде іздеген материалды өз ана тіліңде жазып, таба алмай да қалуға болады. 

BERT компаниясы бұл мәселемен күресу үстінде. Жақында ғана компания Google-дегі іздеу жүйесіне жаңа алгоритм ойлап табу қажеттігін түсінді. Бұл алгоритмнің ерекшелігі – іздеген әрбір ақпаратты нақты, толығымен бере алуында екен. Жүйенің бұлай өзгеруі контексттің нақтылануына да өз әсерін тигізбей қоймайды. 

Google-де жұмыс істейтіндер бұл алгоритмнің өмірге келуі соңғы 5 жылда жеткен жетістіктеріміздің бірі болмақ дейді. Қазір BERT жаңа алгоритмді ағылшын тілінде сынақтан өткізу үстінде. Алдағы уақыттарда бұл жүйе барлық тілдерде жұмыс жасайтын болады.

Сіздің ойыңызша жаңа алгоритмнің қазақ қоғамына тигізер пайдасы бар ма?