Bugin

Пәкістанда пойыз өртеніп 73 жолаушы қаза болды

Жолаушылар жанып жатқан вагоннан секіруге тырысқан

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Пәкістанның Пенджаб провинциясында жүріп бара жатқан пойыз өртеніп, кем дегенде, 73 адам қайтыс болды деп хабарлайды Independent ақпараттық сайты.

Карачиден-Равалпиндиге қатынайтын бұл пойыз - Пәкістан адам ең көп отыратын пойыздардың бірі. Өрт ас пісіруге арналған газ баллонының жарылуынан басталып, тез арада үш вагонға тарап үлгерген.

Шенеуніктер қаза болғандардың саны одан әрі артуы мүмкін екенін, кем дегенде 40 адам жарақат алғанын, оның көпшілігі ауыр халде жатқанын айтады. Сонымен қатар, шенеуніктер кейбір денелер қатты күйіп кеткендіктен зардап шеккендерді анықтау үшін ДНК-лық талдау қажет деп мәлімдеді. 

Адамдардың көбі жанып жатқан әрі қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыздан секіріп қаза тапқан.