Саясат

Оңтүстік Кореяда «Шырайлы Шымкент» дәмханасы ашылды

Дәмханада қазақтың ұлттық тағамдары дайындалады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Оңтүстік Кореяда «Шырайлы Шымкент» деген атаумен дәмхана ашылды. Бұл атауды оған кәсіпкерлік нысанның иесі Сәуле Қосақаева берген.

Дәмхана Оңтүстік Кореяның оңтүстігіндегі Ёнсан қаласында бой көтерген. Алғаш дәмханаға келіп, тағамдарынан дәм татқан Корей халқының пікірі оң. Оларға жылқы еті және қазақтың ұлттық тағамдары қатты ұнаған. Айтуыларынша, екі елдің тағамдарында айтарлықтай айырмашылық жоқ.  Дәмханада өзіміздің ет, бешбармақ, нарын, сорпа, лағман тағамдары дайындалады. Дәмхана директорының айтуынша, етті ол халал сертификатпен алады. Сонымен қатар астан кейін қонақтар би билейді. Олардың арасында ең танымал ән Шымкентке арналған.