Экономика

Қазақстан Қытайдан алған қарызын жапты

Қазақстан Қытай алдындағы қарызын азайтуда

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстан «Астана LRT» жобасы бойынша Қытайдың Даму банкінен алған қарызын толық жапты. 

«Астана LRT» ЖШС $343 млн қаржыны Қытайдың Даму банкіне құйған. Қарызды пайыздық өсімімен бірге жабуға тура келген. 

LRT жобасы Қазақстан қоғамында үлкен дау туындатқаны белгілі. Оның бағасының өзге елдермен салыстырғанда тым қымбат болуы, халықтың наразылығын туындатқан еді. 

Жоспар бойынша 2014 жылы іске қосылуға тиіс жоба, қаржылық қиындықтарға байланысты кері шегеріліп келді. Ал көктемде аталмыш жобаның басшылары жемқорлық әрекетіне барғаны анықталды. 

Қазіргі таңда жобаны ары жалғастыру бойынша кеңестер өтуде.