Weekend

Кірпі мен тиын

Жан-жануарлар жайлы ертегілер

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ертеде кірпі мен тиын дос болыпты. Екеуі орманда көрші тұрыпты. 

Жайнаған жаз да өтеді. Бір күні екеуі орманда келе жатып, алма ағашының басында тұрған алмаларды көреді.

Тиын ағашқа шығып, кірпіге алмаларды алып береді. Кірпі алмаларды қатарымен қоя береді. Екеуі бөлісе бастайды. Біраз алма артық болған соң, бөлісе алмай қалады. Орманшы ата келіп қалады. Екеуі орманшы шалға артығын береді. Орманшы шал екеуіне риза болып кетеді.