Экономика

Шөкеев Түркияның ірі компанияларымен келісімге келді

Түркістан - астана

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ыстамбұл қаласында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің, Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октайдың, ұлттық компаниялар, даму қорлары мен сауда палаталарының басшылары, жоғарғы билік өкілдері және екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақстан-түрік бизнес-форумы өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысынан барған делегацияны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастады. Форумда еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, энергетика, машина жасау, химия, тау-кен, металлургия және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және қаржы салаларындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды.

2020 және 2021 жылдар аралығында Түркістан облысында түрік инвестицияларының қатысуымен 493,7 миллион АҚШ доллары көлемінде 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру және 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Туркия мемлекетінің 41 ең ірі холдингтерінің басшылары қатысқан кездесуде хабарлады.

- Түркия мен Түркістанды ежелгі тарихи тамырлар мен рухани көзқарастар байланыстырады. Бүгінгі таңда Түркия - Түркістан облысының, жалпы Қазақстанның маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі. Осыған байланысты мен Түркістанды дамытудағы қазақ-түрік ынтымақтастығының маңыздылығын атап өткім келеді. Біздің қалада халықаралық әуежай мен басқа да маңызды нысандардың құрылысына дәл түрік компаниялары қатысуда, - деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан қаласында бауырлас мемлекеттің қолдауымен халықаралық әуежайдан бөлек өнеркәсіптік жылыжай салу және дайын металл бұйымдарын шығару мен туризм бағытындағы колледж құру сияқты ірі жобалар қолға алынған. Форум аясында Түркістан облысының әкімі түрік капиталының қатысуымен Шығыс базары, сауда орталығы мен қонақ үйлердің құрылысы, төмен вольтты кабельдер шығару бойынша 3 меморандумға қол қойды. Sembol Construction, Ta Group және KastroKablo компанияларымен қол қойылған меморандумдардың жалпы сомасы 200 миллион АҚШ долларын құрайды.

Baq.kz