Weekend

Азат рухтың алдаспандары: Алматыда дәстүрлі музыкалық концерт өтеді

Алматыда "Азат рухтың алдаспандары" атты дәстүрлі музыкалық концерт өтеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның (@cisc_official) мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылу үстіндегі "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" жобасы бойынша "Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігі (@adyrna.kz)  "Азат рухтың алдаспандары" атты музыкалық концертін өткізбекші. 

Ән кешінде негізінде ұлт азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалып қудаланған халық композиторларының шығармалары орындалады. 
Концерт барысында "Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны" мақалалар байқауының жеңімпаздары марапатталады.  Сазсырнайдың сазын, күңіренген қобыздың, домбыраның дүбірлі үнін тыңдап, құлақ құрышын қандырғыңыз келсе 20 қараша күні, сағат 15:00-де, Ғылым ордасының үлкен залына келіңіздер!
КІРУ ТЕГІН. 
Алдаспандарымызды ұлықтайық, ағайын!
Қосымша ақпарат: 8 747 933 - 91 - 09

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61