Bugin

Шымкентте студент шәкіртақысын түгелдей бәске тігіп жіберген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: polisia.kz

Шәкіртақысын ойынға тіккен шымкенттік студент саябаққа келушіні тонап кеткен, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұран АПБ-ның “102” арнасына түнгі уақытта телефон ұрлығы туралы арыз түсті. Құрбысымен саябаққа серуендеуге барған азаматша құны 150 мың теңге тұратын смартфонынан айырылып қалғанын жеткізді. Бейтаныс жігіт алдымен жәбірленушінің құрбысынан сөйлесіп алу үшін гаджетін уақытша сұрап, іздеген адамымен байланыса алмаған соң кері қайтарып берген. Кейін интернет арқылы хабарласып көру үшін, екінші бойжеткеннің телефонын алып, бірден қаша жөнелген.

Оқиға орнына дереу учаскелік полиция қызметкерлері барды. Олар жергілікті тұрғынның сипаттамасы бойынша ер адамның қашқан бағытын анықтап, жедел іздестіру шараларын жүргізді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде күдікті 3 сағаттан соң қала көшелерінің бірінде ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Белгілі болғандай, студент анасына беруге келіскен шәкіртақысын ойынға тігіп ұтылып қалғаны, кейін сол ақшаны орнына қою үшін амалсыз осындай қадамға барғаны анықталды. Ол ұрланған мүлікті ломбардқа өткізуді жоспарлаған. Қазіргі таңда смартфон заңды иесіне қайтарылды.