Bugin

Қостанай облысында әйел екі баласымен иіс тиіп көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Pexels

Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде анасы мен екі баласы иіс тиіп көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

"30 қазан күні Федоров ауданы, Қоржынкөл ауылдық округіне қарасты Лесное ауылындағы жекеменшік үйде қатты отынмен жанатын пешті қолдану кезінде 48 жастағы үй иесі ыстан уланып, аудан ауруханасына жеткізілді. 39 жастағы әйел, 10 және 15 жастағы балалары оқиға орнында көз жұмды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша, адам өліміне пештің сыртқы бөлігіндегі сыланбаған саңылаулар мен шойын тақтадағы жарықтардан ыстың үйге таралуы себеп болды.