Bugin

Қырғыздың қылмыстық авторитеті Көлбаевтың Қазақстанда активі бар ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

Бұл сұрақ бүгін үкімет отырысында вице-премьер Ерұлан Жамаубаевқа қойылды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қамшы Көлбаевтың активтері бұғатталатынын мәлімдеген. Көлбаевтың барлық активтерінің болжалды құны шамамен 1 млрд долларды ұрайды, бұл заңсыз активтерді іздеу жұмыстарының алғашқы нәтижелері ғана. Оған тиесілі мүліктер Қазақстан мен Ресейден де ізделетіні хабарланды.

Алайда Жамаубаевтың сөзінше, қырғыз тарапынан сұраныс түспеген.

“Қазақстанда бұл адамға (Қамшы Көлбаев – ред.) тиесілі ақша немесе мүлік бар-жоғы жайлы айту қиын, өйткені ақпараттың тарағанына көп бола қойған жоқ. Қырғыз тарапынан сұраныс түсуіне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады”, – деді министр.